What are you looking for?

Азиада - 2026: Астанада Fun Run жүгіру шарасы өтті

03.09.2025

Астананың Орталық саябағында « Аичи-Нагоя 2026» Азия ойындарын насихаттау мақсатында Fun Run атты символдық жүгіру шарасы өтті.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

ҰОК мәлімдеуіншіе, бұл спорттық шара Азия Олимпиадалық кеңесі Құрлықтық спортшылар форумының бағдарламасына енді.

Жүгіруге форум делегаттары мен жас спортшыларды қоса алғанда 100-ден астам адам қатысты.

Қатысушылар 2 шақырымдық қашықтықты жүгіріп өтті. Мәре сызығын кесіп өткендердің барлығына естелік медаль табысталды.

Бұл жүгіру шарасы спорт пен салауатты өмір салтының маңызын көрсетті және Азия елдері арасында ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.

«Fun Run шарасы тек спорттық жарыс қана емес, халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ірі спорттық шараларға қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылады. Сонымен қатар мұндай бастамалар адамдарға спортқа жақындай түсуге және оны күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыруға мүмкіндік береді», — деді Халықаралық Олимпиадалық комитеті Спортшылар комиссиясының төрайымы Эмма Терхо.

Еске сала кетсек, ХХ жазғы Азия ойындары 2026 жылы 19 қыркүйек мен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтеді.

Азиада-2026 бағдарламасына 41 спорт түрі енген. Жалпы 68 бағдарлама бойынша 460 жүлде жиынтығы сарапқа салынады: оның 217-сі ерлер, 204-і әйелдер, ал 39-ы аралас санаттарда. Бағдарламаға олимпиадалық, олимпиадалық емес және дәстүрлі азиялық спорт түрлері енген.

Social Link

Follow Me On Social Media