What are you looking for?

“Несиеге батқан, уайымы көп“. Депутат Зайытов халықтың мәселесін айтты

03.09.2025

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ел аралағанда қымбатшылықты байқағанын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Әрине, өзім аралаған өңірлерде көп. Несиеге батқан, уайымы көп (халық — еск.). Жұмыс істейін десе, мал бағайын десе ауылда жайылым жер жоқ. Әзірге білінбеуі мүмкін. Қыста көмірдің әңгімесі басталады. Жылудың әңгімесі басталады. Тарифтер өсті", — деді ол Мәжіліс дәлізінде.

"Қымбатшылықты өзіңіз сездіңіз бе?" деген журналистің сауалына депутат былай жауап қатты:

"Өзім дүкенге бармаймын, әйелім барады. Бірақ мен үйге келген сайын соның сөйлегеніне қарағанда қатты қымбатшылық болып жатқан сияқты. Коммуналды төлемді де төлемеймін. Үйде бір адам айналысуы керек қой. Мен түздегі адаммын. Ермұрат Бәпи сияқты сақа депутаттың ойымен таласқым келмейді", — деді депутат.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Еске салайық, бұған дейін "қымбатшылықтан қиналған халықты көрмедім" деген депутат Ермұрат Бәпи жұрттан сөз естіді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media