What are you looking for?

Астанада баланы басып кеткен жүргізушіге әкімшілік іс қозғалды

11.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Бұл жағдай Астанада болған. Полицияның хабарлауынша, баланы басып кеткен жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалған. Ал 10 жастағы баланың ата-анасына ескерту жасалды. Қазір зардап шеккен жеткіншек үйінде емделіп жатыр. Денесінің бірнеше жері көгеріп, зақым келген, деді дәрігерлер. Жағдайы жақсы. Оқиға болған көпқабатты тұрғын үйдің «Мүлік иелері бірлестігі» төрағасы пандустың жолы жабық болғанын айтты. Алайда, көрші тұрған үйдің балалары еркін сырғанау үшін өздері ашып алған деп отыр. Айтуынша, бұл оқиғадан бұрын тұрғындарға үйді қоршау туралы ұсыныс айтылған. Дегенмен, қарсы шыққандар көп болды, деді.

Құдайда Байшойынов, «Мүлік иелері бірлестігінің» төрағасы:

Біздің балалар олай істемейді. Ата-аналарға бәріне біз хабар жіберіп отырамыз чатқа, балаларыңызға қараңыз деп. Өздерімен-өздері жүрмесін деп. Мен шынымды айтайын, үш рет чатта осы сұрақты көтердім. Көршілердің бәрі қақпа қойды бізде қоялық десем қарсылық білдіргендер көп болды. Сол үш-төртеуі өзі, солар жеңіп кетті.

Осы жағдайдан соң полиция жүргізушілерге аула маңайында мұқият болуды, жол ережесін қатаң сақтауды ескертті. Сондай-ақ, ата-аналарға балаларын қараусыз қалдырмай, көлік жүретін жерлерде ойнаудың қауіпті екенін ескертіп отыруға шақырады.

Асылбек Данияр