What are you looking for?

Көршілес елде ірі газ кен орны табылды

16.09.2025

Қуанышты жаңалықты Ташкент облысының ұстаздарымен кездесу барысында ел президенті Шавкат Мирзиёев жеткізді.

Көршілес Өзбекстанда 6500 метр тереңдікте орналасқан ірі газ кен орны табылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Өзбекстан тарихында тұңғыш рет Үстірт өңірінде тереңдігі 6500 метр болатын ұңғыма бұрғыланды. Ол жерден табиғи газдың ең ірі қоры анықталды, – деді Шавкат Мирзиёев.

Президенттің сөзінше, осы уақытқа дейін Өзбекстанда геологиялық барлау жұмыстары тек 2500-3000 метр тереңдікте жүргізілген.

– Бұл ресурстардан дайын тауар жасау үшін бізге ең алдымен ғылым, білім және инновация қажет, – деді президент ұстаздармен кездесуде.

Биыл 6 айда Өзбекстанда газ өндірісі 3,1 пайызға төмендеді. Бұдан өзге шет мемлекеттерден 571 млн долларға газ импорттады.

Social Link

Follow Me On Social Media