Бұдан былай мәжбүрлі неке де қылмыс саналады.
Бүгіннен бастап елде қыз алып қашуға тыйым салатын заң күшіне енді. Мұндай қылмысқа барған азамат 2 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды. Айыппұлға көнбеген жағдайда, сол мөлшерде түзеу жұмысына жегіледі. Тіпті екі жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін. Ал егер әрекет абайсызда ауыр зардаптарға әкелсе — 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.