What are you looking for?

Шымкентте интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

19.09.2025

Шымкент қаласы Полиция департаменті Шымкент, Алматы қалалары мен Алматы облысында интернет-алаяқтықпен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп жазады Egemen.kz.

Полицияның мәліметінше, топ құрамында төрт адам болған. Олардың бірі – ұйымдастырушы, екеуі дропперлерді іздеумен және тартумен айналысқан, тағы бірі қолма-қол ақшаны алып, ұйымдастырушыға жеткізіп отырған.

«Күдіктілердің тоғыз интернет-алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығын көлемі 141 миллион теңгеден асады», деп хабарлады полиция департаменті.

Қазіргі таңда аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media