What are you looking for?

Астанада өзін полицей ретінде таныстырған алаяқ сотталды

15.10.2025

Астанада өзін полицей ретінде таныстырған алаяқ сотталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қала тұрғыны өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға және көлікті қайта рәсімдеуге жәрдем беремін деп жәбірленушілерді алдаған.

Жәбірленушілерден 1 млн теңгеден аса қаражат алып, өз міндетін орындамаған және ақшаны өз қалауынша жұмсаған.

"Сот үкімімен оған 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді. Үкім заңды күшіне енді", — деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media