What are you looking for?

Израиль парламенті аннексия туралы заң жобасын қабылдады

23.10.2025

Израиль парламенті Иордан өзенінің Батыс жағалауын аннексиялау туралы заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады.

Құжатты 25 депутат қолдап, 24-і қарсы шыққан. Заң жобасы алдағы үш кезеңде қаралады. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың партиясы бастаманы қолдамағанымен коалиция мүшелерінің бір бөлігі аннексияны жақтап отыр. Айта кетейік, заң жобасы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнстің Израильге ресми сапары аясында талқыланып жатыр. Алайда бір ай бұрын Дональд Трамп Израильге Палестина жерін басып алуға мүмкіндік бермейтінін мәлімдеген еді.

Social Link

Follow Me On Social Media