What are you looking for?

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

23.10.2025

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің деректері бойынша, 23 қазан күні Астана уақытымен сағат 12:20-де Қырғызстан аумағында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Зілзаланың ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 136 шақырым қашықтықта анықталған.

Магнитудасы 4,9 баллды құрады. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, MSK-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі сезілмеген.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта өңірдегі сейсмикалық жағдай тұрақты. Қаланың инфрақұрылымына және тұрғындарға ешқандай қауіп төнген жоқ. Мамандар жағдайды бақылауда ұстап отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media