What are you looking for?

Қазақстанда тарифтердің бірі АЕК-ке байланысты болуы мүмкін

12.03.2025

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері бойынша заң жобасында тұрғын үйді ұстау тарифтерін айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байлау қарастырылып жатыр. Бұл мәселені мәслихат деңгейінде ұзақ келісудің алдын алу мақсатында ұсынылған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, қазір тұрғын үйді ұстау тарифтерін мәслихаттар бекітеді, алайда бұл процесс баяу жүреді. Тарифтердің көтерілуі халықтың наразылығын тудыратыны белгілі, сондықтан өңірлік билік олардың қайта қаралуын не кешіктіреді, не мүлдем қарастырмайды. Бұл көппәтерлі үйлерді күтіп ұстауды қиындатады.

"Біз басқарудан бөлек, тұрғын үй қорын сақтаудың маңыздылығын түсінеміз. Сондықтан тарифті АЕК-ке байлау мәселесін талқылап жатырмыз. Осылайша, тариф автоматты түрде индекстеліп отырады және мәслихаттар бұл мәселеге бірнеше жыл бойы оралмайды", — деді депутат мәжіліс отырысы кезінде.

Сонымен қатар, заң жобасында тарифті қалыптастыру кезінде тұрғын үй сапасын ескеру ұсынылып отыр. Атап айтқанда, тарифке үйдің салынған уақыты, техникалық жайлардың болуы және басқа да сипаттамаларға байланысты коэффициенттер қосылмақ. Олар бастапқы минималды тарифке енгізіледі және тұрғындардың дауыс беруін қажет етпейді. Алайда қосымша қызметтер қажет болған жағдайда, олар тұрғындардың жалпы дауыс беруімен бекітіледі.

Смышляеваның айтуынша, қазіргі уақытта тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ) саласындағы тариф қалыптастыру жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілңп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media