What are you looking for?

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі тағайындалды

12.03.2025

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Рахымжан Мырзаханұлы Ділдаев Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 57-бабына сәйкес, Парламенттің әр палатасы ҚР Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды. Осыған орай Конституцияның 58-бабы негізінде Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне Рахымжан Ділдаевтің кандидатурасын ұсынып отырмын», деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.

Дауыс беру барысында палата депутаттары аталған кандидатураны қолдады.

Social Link

Follow Me On Social Media