What are you looking for?

Алматы маңында жер сілкінді

26.11.2025

26 қараша күні таңғы 07:15-те ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан. Жетісу облысының Сарыөзек ауылында жер сілкінісі шамамен 2 балл деңгейінде сезілген.

Әзірге зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат тіркелген жоқ.

Social Link

Follow Me On Social Media