What are you looking for?

«Медресе шәкірттері емес»: Білім басқармасы аяғын уқалатқан ұстазға қатысты мәлімдеме жасады

13.03.2025

Желіде тараған Сарыағаштағы медресе ұстазы мен балалар бейнеленген видеоға қатысты Түркістан облысының білім басқармасы түсініктеме берді , деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналист Ораз Әлімбек Facebook әлеуметтік желісінде жариялаған видеода балалардың ұстаздың аяғын уқалап отырғаны көрсетілген. Видеоның сипаттамасында бұл жағдай Түркістан облысы Сарыағаш қаласындағы Сатыбалды Әбішұлы атындағы медреседе болғаны айтылған.

Түркістан облыстық білім басқармасы NUR.KZ-ке берген мәлімдемесінде видеоның шынымен де Сатыбалды Әбішұлы атындағы медреседе түсірілгенін растады. Дегенмен, видеодағы балалар медресе шәкірттері емес, бас ұстаз Әбдужаппар Смановтың өз немерелері болып шыққан.

«Видеодағы насихат айтып отырған ұстаз – Әбдужаппар Сманов. Оның жанында медресе шәкірттері емес, өз немерелері. Немерелері атасының батасын алу үшін құрметін осылай білдіреді», – деп мәлімдеді басқарма өкілі.

Басқарма өкілдері бұл жағдайдың медреседегі тәрбие үрдісіне еш қатысы жоқ екенін айтып, видеоны талқылаған әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.