What are you looking for?

Ұлттық құрылтай: Қоғамның дамуын ілгерілететін ұйымдар ашу ұсынылды

13.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Құрылтай көптің ойын жалқының тілімен жеткізетін орын болғандықтан, жиында біршама келелі ой-пікір айтылды.

Мәселен, «Мәдениет, өнер, руханият» секциясында көтерілген ұтымды ұсыныстар қатарында елордамыздың төрінде Абай орталығын ашу, ата-анасын қарттар үйіне қаңғытып жіберген ұрпаққа алимент төлеуді міндеттеу, көшпенділер мәдениетінің жарқын үлгісі ретінде жылқы түлігін ұлықтап, «Тұлпар күнін» белгілеу сияқты келелі ой-пікірлер айтылды.

Ал Қазақстан ұлттық ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев болса, қазіргі қоғамға жетпей тұрғаны реализм, дейді.

Оның пікірінше, қоғамды алға жылжыту үшін ең алдымен елімізде 5 институт ашуымыз керек.

Біріншіден, қолданбалы филология институты. Екінші, қытайтану институты, үшінші, энергетиканың жаңа технология институты, төртінші, инженерлік генетика институты, бесіншісі, жасанды интеллект институты.

Келелі жиында айтылған ұлтты біріктіретін бастамашыл идеялар сөзсіз терең әрі кешенді насихаттауды қажет етеді.

Бибінұр Әмірханқызы

Social Link

Follow Me On Social Media