0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Ал маңғыстаулықтар Амал мерекесін жылдағыдай қара таудың ең биік шоқысы — Отпан таудың басында атап өтіп жатыр. Жиналғандар бірлік мен ықтымақтың символы болған «Бірлік отын» жағып, түрлі спорттық жарыстарда бақ сынады. Наурыз мейрамының басы-Амал мерекесіне арнайы алыс-жақын шет елдерден да меймандар келген.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Көрісу күні — Наурыз мейрамының басы. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шығып, көктемге аяқ басқанына қуанып, ағайын туыс, көрші-қолаңмен жүздесуге асығады. Қол алысып, төс қағысады.
Онбірхан Құдайбергенов, Алматы облысының тұрғыны:
Өте жақсы әсердемін қазір. Сыртынан естіп жүр едім халықтың айтқанынан, көзіммен көргеннен кейін өте рыза болдым халқыма. Қазір не керек ауызбірлік керек, тыныштық керек осы міне Президентіміздің қаншама жақсы сөздер айтып жатыр. Осы сөздер халқымыздың құлағында болу керек. Бала-шағаның құлағында болу керек. Тірлікте ауызбірлікте болсын халқымыз.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Биылғы мерекеде 30 ға жуық шара ұйымдастырылған. Бір мезгілде бірнеше жерде түйе палуан, қазақша күрес, тоғызқұмалақ сияқты спорттық жарыстар өтуде. Құнан бәйгемен аламан бәйге болып жатыр. Суретшілер де өз туындыларын ала келген.
Наумек Асланов, Әзербайжан республикасының азаматы:
Түрік дүниясының наурыз мерекесі байрамымен шын жүректен құттықтаймын. Қырғыз, қазақ, өзбек, түркмен, ұйғыр, әзербайжан, түркия түрік дүниясын құттықтаймын.
Илмаз Эмирташ, Түркия республикасының азаматы:
Түркияның Измир қаласынан осы Ақтаудағы Амал мерекесіне арнайы келдім. Бауырлас елдің қонақжайлығы әлемге аян. Ұлттық киім киген халықтың бір-бірімен қол алысып, көрісуінің өзінде үлкен мағына жатыр. Ылайым, достығымыз мәңгілік болсын.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Амал мерекесіндегі ерекше рәсім — бірлік оты жағылды. Тарихқа көз жүгіртсек, жаугершілік заманда осы таудың басында қазақ батырлары от тұтатып, бір біріне белгі берген. Ал қазір от жағу — бірлік пен татулықтың белгісі.
Аягөз Оралбайқызы