What are you looking for?

Маңғыстау облысындағы мектептерде жалған құжатпен жұмыс істеген педагогтер анықталды

06.03.2025

Бйнеу ауданы прокуратурасы жалған куәлікпен жұмысқа орналасқан педагогтарді анықтады. Бұл туралы облыстық прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Маңғыстау облыстық прокуратурасының хабарлауынша, білім беру сапасының заңдылығына жүргізілген талдау нәтижесінде педагогтардың кәсіптік даярлықтан өту куәліктерінің жалған екені анықталған.

Мысалы, Ә. есімді педагог 2024ж. наурыз айында SDU университетінің (Алматы қаласы) "Арнайы педагогика" мамандығы "логопед-дефектолог" біліктілігі бойынша қайта даярлау курсынан өткені туралы жалған куәлігін пайдалану арқылы мектепте "педагог-психолог" лауазымында жұмыс істеген.

Прокуратура мәліметінше, осыған ұқсас деректер аудандағы орта білім беру ұйымдарындағы алты педагогтен анықталды.

Аталған әрекеттер үшін сот үкімімен жеті педагог Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, айыппұл жазасы тағайындалды.

Social Link

Follow Me On Social Media