What are you looking for?

LRT-нің алғашқы стансасы дайын

06.03.2025

CTS көлік компаниясы Астана халықаралық әуежайы маңында Қабанбай батыр даңғылы бойында орналасқан LRT стансаларының бірін көрсетті, деп хабарлайды Egemen .kz.

«City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, №101 жобалық атауымен белгілі стансасында әрлендіру жұмысының барлығы аяқталды. Сондай-ақ металл конструкциялар монтаждалып (497,51 тонна), сырты арнайы материалдармен қапталды (4765 м²).

LRT-ның болашақ стансасы эскалаторлармен, лифттермен, жолаушылар үшін ыңғайлы интерактивті экрандармен жабдықталған. LRT желісі жердегі (11 станса) және жерүсті (7 станса) болып бөлінетін екі деңгейлі залдары мен платформалары бар 18 стансадан тұрады.

Компанияның баспасөз қызметі Сығанақ (екі станса), Ш.Қалдаяқов (төрт станса) көшелерінде және «Нұрлы жол» теміржол вокзалы ауданында (бір станса) орналасқан стансаларды жол ортасына қарай орналасуы ерекшелендіріп тұрғанын жеткізді. Оларға жету қауіпсіз болуы үшін жеті стансаның әрқайсысына екі-екіден жерүсті өткелдерін салу қарастырылған.

Social Link

Follow Me On Social Media