What are you looking for?

Жаңалық ауылында резеңке шиналар шығаратын зауыттағы өрт оқшауланды

15.03.2025

Алматы облысының Жаңалық ауылындағы резеңке шиналар шығаратын зауыттағы өрт жедел түрде оқшауланды, деп хабарлайды 24kz.

Қазір жалын шарпыған аумақ анықталуда. Жалынды ауыздықтауға Алматы облысы мен қаласынан ТЖД 12 бірлік техникасы мен жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды. Өртті сөндіру жұмыстарын Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әріновтің өзі тікелей үйлестіріп басқаруда. Ол осы Жаңалық ауылындағы жаңа өрт сөндіру бөлімін ашу үшін іссапармен барған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media