0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың Бурабайда өткен отырысында Президент көтерген бастамалары мен берген тапсырмаларын орындауға қатысты жұмысты ұйымдастыру бойынша жиын өткізді.
Ерлан Қарин Мемлекет басшысы өз сөзінде мәні зор гуманитарлық, әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық жобалар туралы айтқанын және басқа да заңнамалық сипаттағы бірқатар маңызды тапсырма бергенін атап өтті.
Мемлекеттік кеңесші жауапты органдарға Президенттің бастамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыруға қатысты нақты құрылымы бар Іс-шаралар жоспарын мұқият пысықтап, әзірлеу туралы тапсырма берді.
Сондай-ақ жұмыс секциялары мен пленарлық бөлігінде Құрылтай мүшелерінің ұсыныстарына қатысты бөлек жоспар әзірлеуді тапсырды. Ерлан Қарин Президент бастамаларын жүзеге асыру туралы айта келіп, алдағы уақытта атқарылатын бірлескен жұмысқа барлық мүдделі мемлекеттік органдар, Құрылтай мүшелері, депутаттар мен сарапшылар белсене атсалысуы қажет екенін ерекше атап өтті.
Мемлекеттік кеңесші Президент ұсынған мәні зор жобалар мен бастамаларды қоғам арасында және ақпарат кеңістігінде түсіндіру өте маңызды деді. Ал өзінің телеграм арнасында «Бурабайда өткен алқалы жиын бірнеше басты ерекшеліктерге ие. Президент сөзі мазмұны мен құрылымы жағынан жылдағы Жолдаумен пара-пар» деп жазды Ерлан Қарин.
Ақниет Балтанова