What are you looking for?

Өрескел қателік: 34 жастағы ер адам мәйітханада "тіріліп" кетті

16.03.2025

Әзербайжанның Жалилабад қаласында мәйітханаға жеткізілген ер адам тірі боп шықты. 1991 жылы туған ер адам өлмеген, тек комаға түскені анықталған, деп хабарлайды report.az басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жалилабад ауданы Тахирли ауылының 1991 жылғыы тұрғыны өз үйінде жансыз күйде табылған. Оны бақилық болды деп таныған дәрігерлер Сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің аудандық бөлімшесіне жеткізген. Алайда мекемеде оның тірі екенін, тек комаға түскенін анықтаған.

Ер адамды тез арада Дажилабад аудандық орталық ауруханасына жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған.

Оған "механикалық асфиксия" диагнозы қойылған. Қажетті көмек көрсетіліп, қазіргі таңда ер адамның жағдайы ауыр тұрақты деп бағаланып отыр.

Social Link

Follow Me On Social Media