ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

Жолаушыға интим қызмет ұсынған: Астанада такси жүргізушісі жазаланды

Жолаушыға интим қызмет ұсынған: Астанада такси жүргізушісі жазаланды

Астанада жолаушыға әдепсіздік танытқан такси жүргізушісіне қатысты үкім шықты. Бұл туралы елордалық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Істің мән-жайын Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты баяндап берді.

"11 қазанда сағат 07:00 шамасында такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін ер адам жолаушыға интим қызмет ұсынып, қорлап тиіскен. Осылайша ол айналадағыларға құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзды", — деді соттағылар.

Сот жүргізушіге қатысты істі ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша қарады.

Оның кінәсі іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, кінәсін мойындау туралы жауабымен, полиция инспекторының рапортымен, сондай-ақ жәбірленушінің түсініктемесімен расталады.

Кінәсін мойындауы және құқық бұзушылықты алғаш рет жасауы жауапкершілікті жеңілдететін мән-жай ретінде танылды, ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Сот қаулысымен К.-ға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды", — деп түйіндеді сотта.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай