ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

Шетелдіктер жалған құжатпен Қазақстанға кірмек болды (видео)

Шетелдіктер жалған құжатпен Қазақстанға кірмек болды (видео)

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған құжатпен Қазақстанға кірмек болған шетелдіктердің анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

ҰҚК Telegram-дағы арнасында қыркүйек және қазан айларында Астана және Алматы қалаларының әуежайларында ҚР мемлекеттік шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталғанын мәлім етті.

"Құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың анықтау деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.

Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде", — делінген хабарламада.

Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында осындай 358 дерек анықталған.

ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекараны жалған және бөгде құжаттарды пайдаланып кесіп өткені үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін ескертеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева