ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

Өскеменде өртенген жер үйден құтқарушылар жігіттің мәйітін алып шықты

Өскеменде өртенген жер үйден құтқарушылар жігіттің мәйітін алып шықты

Өскеменде жер үй өртеніп, 30 жастағы жігіт тірідей жанып кетті. Үйдегі дүние-мүлік күлге айналып, баспана жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Өрт сөндірушілерге қоңырау кеш түскен көрінеді. Олар жетемін дегенше, қарқын алған жалын баспананы толық шарпыған. Құтқарушылар марқұмның мәйітін қирандының арасынан алып шықты. Көз жұмған азамат үй иесінің танысы екені анықталды.

Ал үйдің қожайыны сол күні ауруханада болған. Қызыл жалын 70 шаршы метр аумақты күлге айналдырды.

"Жанып жатқан тұрғын үйден қаза тапқан адам табылды. Өрттің алдын ала себебі — отты абайсыз пайдалану. ШҚО ТЖД тұрғындардан өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауды сұрайды", — дейді Өскемен қаласы ТЖБ бас маманы Дина Бексұлтанова.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай