ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

Қайрат Нұртастың концертінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат қайтыс болғаны рас па: тиісті орган жауап берді

Қайрат Нұртастың концертінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат қайтыс болғаны рас па: тиісті орган жауап берді

Әлеуметтік желілерде 10 қазанда Шымкент қаласында өткен Қайрат Нұртастың концерті кезінде көптеген адам зардап шегіп, бірнеше азамат қайтыс болды деген ақпарат таралуда. Алайда бұл мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде тараған бірнеше адамның көз жұмғаныы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2026 жылдың 10 қазанда Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда өткен концерт кезінде 8 адам медициналық көмекке жүгінген. Медициналық тексеруден кейін олардың бірінен басқасы үйлеріне жіберілген. 18 жастағы қыз жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде, жағдайы мамандардың бақылауында.

Сонымен қатар Шымкент қаласының Полиция департаменті концерт өткізу кезінде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызметтер көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Іс-шараны ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді. Олардың әрекеттеріне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушыларын жарияланым жасамас бұрын олардың анық-қанығын тексеруге және расталмаған ақпаратты таратпауға шақырады", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай