Қарағандыда учаскелік полиция пунктінде ес-түссіз табылған учаскелік инспекторға қатысты сот басталды. Сол кезде күдіктінің қасында 23 жастағы келіншектің өлі денесі жатқан. Полицей мен әйел есірткіден уланған деген ақпарат бар. Содан бері тергеу жүріп, араға бір жыл салып басталған сот істі жабық жағдайда қарайтын болды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Сот процесіне марқұмның анасы мен апасы келген. Олардың мүддесін облыстық прокуратура қорғайды. Қылмыстық іс ҚР ҚК 370-бабы, яғни қызмете әрекетсіздік ету бабы бойынша қозғалып сотқа жеткен. Ауыр жағдаймен аяқталғаны ескерілсе, 7 жылға дейін жаза кесілуі мүмкін. Кейінірек күзет қызметі күдіктіні де жеткізді. Сот отырысы басталмай жатып, адвокаты істі жабық түрде қарауды сұрады.
"Сот ісінің жабық жағдайда өткенін талап етеміз. Өйткені іс материалдарында тараптардың интим сипаттағы әрекеттері суреттелген тұсы бар. Сонымен қатар екеуара бір біріне жазған хаттарында да осындай сипаттағы жазбалар бар. Бұл фактілер қоғам назарына шықпау керек деп санаймын", — деді адвокат Әсет Түбеков.
Судья адвокаттың талабын орындап, тілшілерді сот залынан шығарып жіберді. Еске салсақ, оқиға 2025 жылдың 30 қыркүйегінде болды. Полиция пунктіндегі ес-түссіз жатқан екі адамды учаскелік инспектордың әріптесі кешкі сағат он шамасында тапқан. Марқұм 23 жастағы қыз жалаңаш күйде болған деген ақпарат болды. Ал полицияда 2011 жылдан бері қызмет еткен 36 жастағы полиция майоры ауыр халде аурухаға жеткізілген. Есін жинаған соң, жұмыстан шығарылып, тергеу абақтысына жабылды. Ал марқұмның артында бес жастағы ұлы қалды.
"Шешесінің рұқсатынсыз ешқайда шыға алмайтын. Шақырып алып, сондай дәрежеге жеткізді. Өзінің несіне пайдаланған ғой, сондай әрекетерге. Өтемақысын өтесін, бала жетім қалды, күнде анасын іздеп жылайды", — дейді марқұмның нағашы әпкесі Айгүл Сүлейменова.
Сол оқиғадан кейін, Қарағанды қаласы ішкі істер басқармасы мен облыстық полиция департаментінің бірқатар лауазымды тұлғасы тәртіп жауапкершілігіне тартылды. Бәрі қатаң сөгіс алды. Сол ауданның полиция бөлімінің басшысы қызметінен қуылды. Судьяның тілшілерді процестен шеттетіп, сот ісінің жабық өтуіне марқұмнының туыстары қарсы.
Олар полцияның тірек пунктіндегі сол кездегі жағдайды бәрі біліу керек, дейді. Тергеу ісінің өзі бір жылға созылды. Енді сот жабық өтеді. Осыған қарап марқұмның туыстары күдікті жеңіл жазамен құтылып кете ме деп күдіктенеді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай



