ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасады деген күдікпен іздеуде жүрген азаматтың Астанаға экстрадицияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, 2026 жылғы 2 қазанда ҰҚК Интерполдың және Бас прокуратураның үйлестіруімен халықаралық іздеуде болған ҚР азаматын шетелден Астана қаласына жеткізген.
"Аталған тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекет жасағаны үшін күдікке ілініп, 2021 жылдан бері сот төрелігінен жасырынып жүрген. Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды", — делінген хабарламада.
ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлім етті.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева



