ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Шындық

Оралда жол апатына түскен көлік ішінде әйел қалды (фото)

Оралда жол апатына түскен көлік ішінде әйел қалды (фото)

Зачаганск кентінде жеңіл көліктер соқтығысты. Апаттан кейін қатысушылардың біріне құтқарушылар көмегі қажет болды, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Зачаганск кентінде екі жеңіл автокөлік соқтығысты.

"Салдарынан әйел адам көлік салонында қысылып қалды. Оқиға орнына жеткен ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен азаматшаны шығарып алды.

Әйел жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды", — делінген хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз

Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай