Бүгін, 22 қыркүйекте кешке Семейде бір қабатты автожуу ғимараты өртке оранды. Өрт сөндіру есептоптары келгенге дейін газгольдер жарылған, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомство мәліметінше, өрт жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйге де таралғаны анықталды. Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Өрт толық сөндірілді.
"Нақтыланған мәлімет бойынша Семей қаласы Сосновая көшесінде газ-ауа қоспасы тұтанып, кейін газ тасымалдағыш көлік жарылған. Өрт бір қабатты автожуу ғимаратына және екі жеке тұрғын үйге тараған.
Оқиға салдарынан екі адам күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді", — делінген хабарламада.
Өртті сөндіруге ТЖМ, ПД, жедел медициналық жәрдем қызметі "Зеленострой" ЖШС-нің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Барлығы 90-ға жуық адам және 30 техника жұмылдырылды.
Өрт шығу себебі анықталып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Дереккөз: Nur.kz · Айтолқын Адырбай



