ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Қоғам

Жулдыз Абдукаримова тосын жазба жариялады

Жулдыз Абдукаримова тосын жазба жариялады

Актриса Жулдыз Абдукаримова әлеуметтік желіде мінезі, отбасы мен адамдармен қарым-қатынасына қатысты ұстанымын бөлісті, деп Malim.kz тілшісі оның Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі көпшіліктің өзі туралы пікіріне аса мән бермейтінін айтып, бастысы — өзінің кім екенін жақсы білетінін жеткізді.

"Мен біреуге аққу, енді біреуге қарға болып көрінуім мүмкін. Ол маңызды емес. Көпшілік менің маңдайымнан бақ, басымнан тәж көргенімен, өзімді іштей жауынгер сезінемін",– деп жазды ол.

Әбдікәрімованың сөзінше, оның басты ұстанымы — отбасы, балалары, жақындары мен командасына қамқор болу. Сондай-ақ ол өзіне де, айналасындағы адамдарға да талабы жоғары екенін жасырмады.

Актриса жақын қарым-қатынасын көпшілікке жариялау-жарияламауды өзі шешетінін де атап өтті. Ал адамдар арасындағы байланыс суып, араға салқындық түскен жағдайда қарым-қатынасты созбайтынын жеткізді.

"Егер арамызға салқын түссе, ат құйрығын бір-ақ сәтте үземін",– деді Жулдыз Абдукаримова.

Жазбасының басында ол Антуан де Сент-Экзюперидің "Біз қолға үйреткендеріміз үшін жауаптымыз" деген сөзін келтірген.   

Жулдыз Абдукаримова кім?

 Жулдыз Абдукаримова — қазақстандық театр және кино актрисасы, тележүргізуші, сондай-ақ әнші Қайрат Нұртастың жұбайы ретінде кеңінен танылған. Ол 1988 жылғы 14 сәуірде дүниеге келген. 

Ол Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында актерлік мамандық бойынша білім алған. Оқуын аяқтағаннан кейін Алматыдағы Жастар театрында жұмыс істеген. Кинода 2017 жылы "Арман / Когда ангелы спят" картинасында дебют жасаған. Кейін театр, кино және телевидение саласында еңбек етті. 

Жулдыз Абдукаримова мен Қайрат Нұртас студенттік кездерінде танысқан. Ашық деректерде олардың 2008 жылдан бері отбасылы екені көрсетіледі. 

Дереккөз: Malim · Алуа Әшірбекова