ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Реалды

Дәрігерлер Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшінің жағдайына қатысты мәлімет ұсынды

Дәрігерлер Маңғыстауда оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшінің жағдайына қатысты мәлімет ұсынды

Дәрігерлер Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде аман қалған әскери қызметшінің жағдайына қатысты мәлімет ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметшілердің бірі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілген.

"Қазіргі уақытта науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оған барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.Әскери қызметшінің қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағалануда", делінген хабарламада.

Мамандар қажетті емдеу шараларын жалғастырып, науқастың денсаулық жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Жағдай Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Дереккөз: Zakon.kz · Кәмшат Сатиева