ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫБіз туралы ↗
Қымыз Ақпарат.
Ақпарат. Көзқарас. Шындық.
Бөлімдер
Қоғам

«Қазақ аруы–2024» Ақкербез Ысқаққызының таңдауы балуанға түсті

«Қазақ аруы–2024» Ақкербез Ысқаққызының таңдауы балуанға түсті

"Қазақ аруы–2024" байқауының жеңімпазы Ақкербез Ысқаққызы қалыңдық атанды. Оның сүйіктісі, еркін күрес балуаны Әкежан Айтбеков үйленуге ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақкербез қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Ол сүйіктісінің ұсынысын қабылдап, сезімін қысқа жазбамен жеткізген.

"Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын", — деп жазды байқау жеңімпазы. 

Ақкербездің таңдауы түскен Әкежан Айтбеков — еркін күрестен 97 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін спортшы. Ол республикалық және халықаралық жарыстарда жүлде алған.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мәліметінше⁠, Әкежан 2023 жылы ІІ Түркі универсиадасында еркін күрестен алтын медаль жеңіп алған. Сол жылы "Сұңқар–2023. Студенттік спорт жұлдыздары" республикалық байқауында "Үздік студент-спортшы" атанған. 

Ал 2025 жылы Қырғызстанда өткен ІІІ Түркі универсиадасында 97 келі салмақта күміс жүлдеге ие болған. Бұл туралы Қазақ спорт және туризм академиясы⁠ хабарлаған. 

Еске салайық, Ақкербез Ысқаққызы Қызылорда облысының Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол 2024 жылы «Қазақ аруы» байқауында жеңіске жетіп, көпшілікке танылды. Сол жылы берген сұхбатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқуға түскенін айтқан. 

Дереккөз: Malim · Алуа Әшірбекова