What are you looking for?

Соңғы алты жылда Қазақстан экономикасына $130 млрд тікелей инвестиция тартылды

17.03.2025

Биыл да көптеген индустриалдық жоба жүзеге асырылмақ .

Осы жылы жалпы құны 1,5 трлн теңгеге тең 190 жоба іске қосылып, 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Ірі жобалар толық қуатына шыққанда өндіріс көлемі 2,2 трлн теңгеге дейін жетеді деп күтілуде.

2025-2035 жылдары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі металлургия, машина жасау және химия өнеркәсібі салаларында 9 ірі жобаны жүзеге асырады. Олар жобалық қуатына жеткенде өндірілетін өнім құны шамамен 7,3 млрд долларды құрайды. Бұл жобаларға 6 трлн теңге көлемінде инвестиция тартылып, 12 мың жұмыс орны ашылады. Жоғарыда аталған тоғыз жобаның екеуі осы жылы іске қосылады. Қостанай облысында 1500 жұмыс орнын қамтамасыз ететін KIA автокөліктерін шығаратын зауыт пайдалануға беріледі. Ол жылына 70 мың автокөлік өндіреді. Алматы қаласындағы Қытай маркаларының автокөліктерін шығаратын мультибрендті зауыт 3600 жұмыс орнын ұсына алады. Жылына 90 мың көлік шығаруға мүмкіндігі бар.

Мұхамед Андаков, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:

- Соңғы 5 жылда біз 855 кәсіпорын іске қостық 6,5 трлн теңгеге. Және 72600 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл кәсіптердің қосылуы және ішкі нарықта жұмыс істеуі бұл өңдеу өнеркәсібін 00.38 – 00.53 // жер қойнауын пайдаланушыларға теңестірдік. Бұл дегеніміз біз өңдеу өнеркәсібін дамуын жеделдетіп жатырмыз.

Индустриалды жобаларды жүзеге асыру үшін елде 15 арнайы экономикалық және 51 индустриалды аймақ жұмыс істейді. 2025 жылы осы алаңдарда 110 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі таңда Қазақстанда жаңа тетік ретінде шағын өнеркәсіп аймақтары енгізілген. Олар кәсіпкерлерге дайын үй-жайларды ұсынады. Жоба аясында кәсіпкерлер құрылыс үшін жеңілдетілген несиелер мен тиімді жалға алу шарттарын пайдалана алады. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына мүмкіндік береді. Бүгінде еліміздің 8 өңірінде шағын өнеркәсіпке арналған 34 аймақ жұмыс істейді. Биыл жыл соңына дейін барлық облысты қамту көзделіп отыр.

Олег Пак, «Парасат» кәсіпкерлер альянсының Басқарма төрағасы

- Бүгінде Президент қайта өңдеу секторының ажырамас бөлігі саналатын көмір химиясын дамыту туралы айтып жатыр. Ілгерілеу жоқ емес, бар. Көмір яғни көмірсутегі арқылы химия мен құрылыс салаларына қажет түрлі өнімдерді өндіруге болады.

Жалпы былтыр өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі шамамен 6 пайызға өсіп, құны 24,5 трлн теңгеге жетті. Оның ішіндегі металлургия үлесі 7 пайызға жуықтайды. Машина жасау саласы шамамен 10 пайыз және химия өнеркәсібі — 7,7 пайыз.

Өңдеуші өнеркәсіптің өсуі

2024 жылы өндіріс 5,9% өсті

Жалпы өндіріс көлемі – 24,5 трлн тг

Металлургия – 6,9%

Машина жасау – 9,7%

Химия өнеркәсібі – 7,7%

Өткен жылы жалпы құны 1 трлн 300 млрд теңгеге тең 180 индустриялық жоба іске қосылды. Оның ішінде өндеуші өнеркәсіпте 163 жоба және тау-кен өнеркәсібінде 17 жоба бар. 15 мыңға жуық жұмыс орны құрылды. Ірі индустриялық нысандарды салу нәтижесінде импортқа тәуелділік азаяды, дейді мамандар.

Мирлан Алтынбек, Ырыстанбек Оспанов

Social Link

Follow Me On Social Media