Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше жыл бұрын әлемді шарпыған індетке қатысты статистиканы мәлім қылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, Қазақстанда сырқаттанушылық деңгейі 6 есе төмендегені байқалады.
Оның ішінде өлім фактісі тіркелмеген.
ЖРВИ, тұмау және коронавирус инфекциясының алдын алу үшін Денсаулық сақтау министрлігі келесі профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады:
- Адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе жабық мекемелерге баруды шектеу;
- Бөлмелерді үнемі желдету;
- Қолды өңдеу үшін антисептиктерді немесе дезинфекциялық сулықтарды қолдану;
- Ауырған адамдармен байланысты шектеу, оларды оқшаулау шараларын қамтамасыз ету.