What are you looking for?

Мектеп оқушылары жұмысшы мамандығы бойынша диплом алды

18.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Республика бойынша биыл 2 мыңға жуық мектеп түлегі, колледж дипломын алады. Оқуды тәмамдаған астаналық оқушыларға дипломдары табысталды. 10-11 сынып оқушылары 1 жарым жыл бойы мектеп білімімен қатар кәсіптік-техникалық білім беру ұйымына қатынап, арнайы мамандықты меңгеріп шықты. Олардың басым көпшілігі «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану», «Тамақтандыруды ұйымдастыру» , «Дәнекерлеу ісі» сынды мамандықтарды таңдаған. Айта кетейік, түлектердің қос білім алуын көздейтін жоба 2023 жылы пилоттық режимде басталған.

Мақсат — жастардың жұмысшы мамандықтарды игеруге қызығушылығын ояту.

Social Link

Follow Me On Social Media