What are you looking for?

БҚО-да 145 елді мекен шекаралас аймақта орналасқан

19.03.2025

Батыс Қазақстан облысында 405 ауылдық елді мекен бар, оның 145-і шекара маңында орналасқан.

Бұл ауылдарда 104 мыңға жуық адам тұрады. Аталған 145 елді мекеннің 128-і көгілдір отынмен, 98-і топтық су құбырымен қамтылған.

Ауылдық аймақтарды дамыту тұжырымдамасына сәйкес, инфрақұрылымды жақсартуға жыл сайын қомақты қаржы бөлінеді. Алайда тұрғындар санының азаюы өзекті мәселе болып отыр. Осыған байланысты Мемлекет Басшысы Ұлттық Құрылтайда шекара маңындағы аудандарды дамыту жөнінде жаңа заң қабылданатынын мәлімдеді. Ол шеткері орналасқан елді мекендердің ахуалы ел шекарасының беріктігіне тікелей әсер ететінін атап өтті. Стратегиялық маңызы зор бұл мәселеге ерекше назар аударылуы батысқазақстандықтардың да көңілінен шығып отыр.

Айнұр Құрмашева, телеарна тілшісі:

- Ел президентінің кешегі Құрылтайда көтерген мәселелерінің бірі — шекаралас ауылдарды дамыту. Бүгінге дейін түсірілім барысында ауылдық жерлерді аралауда көптеген мәселелерді көріп жүрміз. Бөл өте жақсы бастама деп ойлаймын. Себебі ауылдық жерде бүгінгі таңда кәсіпкерлікті дамыту, сонымен қатар инфрақұрылым дамыту керек.

Мұратбек Мұхамбедиев, облыстық мәслихат депутаты:

- Батыс Қазақстан облысы Ресейдің 5 облысымен шектеседі. Аудандарға көңіл бөлетін жағдай болып жатса, ол өте қуанышты жағдай. Себебі ол логистикалық, туристік және эконмикалық жақсы дамуға әкеледі деп есептейміз. Ауылдан қалаға кетпеуіне, сол жерде тұрақтап отыруына, аудан дамуына жақсы пайдасы тиеді деп ойлаймын.

Мәлік Көбейсінов, Орал қаласының тұрғыны:

- Әр ел болсын, әр үй қонақ келгенде жинақталып, сол көрінісі бірінші көзге түседі ғой. Ал шекаралас аудандар, ауылдар сол мына еліміздің көрінісі. Кім келгенде, өткенде де сонымен көп нәрсені бағалайды, елдің дамығанын басқа да жағдайларын. Сондықтан президенттің көтерген мәселесі өте орынды.

Social Link

Follow Me On Social Media