0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Бүгін 19 наурыз – Жаңару күні. Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейді. Бүгін ел аумағында ағаш отырғызылады. Бұл дәстүр Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді. Қазақ халқы үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты. Еске салайық, былтырдан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Наурыз мейрамын тойлау жаңаша сипатқа ие болды. Наурызнама онкүндігі енгізілді. Наурызнама онкүндігіне сәйкес ертең, Ұлттық спорт күні тойланады.
Самал Қабышева