What are you looking for?

Түркістанда 10 мыңнан аса ағаш отырғызылды

19.03.2025

Қалада 19 наурыз, Жаңару күніне орай ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр . «Жібек жолы» саябағында өткен ағаш егу шарасына қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, қоғам қайраткерлері, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары белсене қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан қаласы әкімдігі мен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырған акция аясында 1000-нан астам адам қатысып, саябақ аумағына ағаш көшеттерін отырғызған.

Сонымен қатар, «Қылует» мешіті, Шекті Тілеу көшесі, Төле би саябағы сынды қаланың өзге де аймақтарында ағаш, бұта және гүл көшеттері егіліп жатыр.

Айта кетейік, көктемгі маусымда қала бойынша 10 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.

Биыл Түркістанда көктем және күз мезгілдерінде барлығы 197 010 ағаш пен 365 144 бұта және гүл көшеттерін отырғызу көзделген. Көктемгі кезеңде облыс әкімдігі мен табиғи ресурстар басқармасының қолдауымен 111 260 ағаш, 92 661 бұта және көпжылдық гүлдер отырғызылса, қала бюджеті есебінен 85 750 ағаш, 272 483 бұта мен гүл көшеттері егіледі.

Наурыз мейрамына орай облыс аумағында көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Отырғызылып жатқан көшеттер қатарында Түркістан климатына бейімделген терек, қарағаш, айлант, қарағай, үйеңкі, арша, сириялық раушан, шаған және жеміс ағаштары бар.

Бұл бастама Түркістанның экологиялық жағдайын жақсартып, жасыл желекке оранған көрікті қалаға айналуына үлкен үлес қоспақ.

Social Link

Follow Me On Social Media