Владимир Зеленский бүгін Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлеседі. Бұл туралы Украина президенті Финляндия басшысымен бірге өткізген баспасөз мәслихатында жария етті. Зеленский Трамппен ары қарай әрекет ету жоспары мен кешегі келіссөздерді талқылайтынын айтты.
Еске сала кетейік, кеше Ақ үй басшысы телефон арқылы Ресей президентімен сөйлесті. Әңгіме барысында Трамп Украина мен Ресейге энергетикалық инфрақұрылым нысандарын соққылауды 30 күнге тоқтатуды ұсынды. Путин бұл бастамаға келісіп, әскери күштеріне тиісті бұйрық берді. Сонымен қатар кешегі келіссөздер қорытындысы бойынша Кремль басшысы Украинамен өзара тұтқын алмасатынын да жария еткен еді. Соған сәйкес бүгін екі жақ та 175 әскери қызметкерден босатты. Бұдан бөлек, Ресей шұғыл медициналық көмекке мұқтаж ауыр жараланған тағы 22 әскери тұтқынды да жіберді.