What are you looking for?

Тұрғындар Ұлттық құрылтайда қозғалған мәселелерге қатысты пікір білдірді

19.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Бурабайда өткен Ұлттық Құрылтайда көтерілген мәселелер өзекті. Бұл тұрғындардың пікірі. Әсіресе интернет алаяқтар, тасада қалған кейбір театрлардың мәселесіне Мемлекет басшысының көңіл аударуы қуантады деп отыр.

Президентіміздің өзекті мәселені қозғағаны – интернет-алаяқтық. Кез келген адам, ешкім ол жерде өз-өзіне жауап бере алмайды. Үлкен кісі болсын, жастар да алданып жатыр. Менің айналамда да алданып жатқандар бар. Осыны қолға алып жатқаны өте өзекті.

Өнер саласында, театр саласында Президентіміз Ұлттық құрылтайда мән берді. Шындығын айтты жасырмай. Көп театрлардың жағдайлары мәз емес екеніне тоқталып өтті. Осы салада көп қаржы бөліп, жүйелеу керек мәселесі. Театр, кино, өнер мәдениет арқылы біз қоғамды, өзіміздің ұлттық болмысымызды сақтап қала аламыз.

Бүгінде әлеуметтік желіге бесіктен белі шықпай жатып кірген көп жастың ертеңгі бойына құндылық сіңбегеннен кейін ертеңгі тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетіп, тиранға айналып кетуі мүмкін жағдай. Бұл, өте қауіпті қоғам үшін. Сондықтан, құрылтайда айтылған құндылық мәселесі өте өзекті деп санаймын.

Темірлан Нұрсолтан

Social Link

Follow Me On Social Media