What are you looking for?

Стамбұл мэрінің ұсталуы: Түркияда ауқымды наразылықтар басталды (видео)

19.03.2025

Стамбұлда студенттер қала мэрі Экрем Имамоғлының ұсталуына қарсы наразылыққа шықты. Тиісті кадрлар әлеуметтік желіде жарияланып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

РИА Новости деректеріне сай, стамбұлдық студенттер қала мэрі Экрем Имамоғлының ұсталуына қарсы наразылық шерулеріне шықты. Полиция шеруге шыққандарға қарсы күш қолданған.

Жергілікті журналист Кайхан Айхан Стамбұл университетіне жиналған студенттер ұсталған мэрді қолдап, полицей баррикадаларын бұзып, Беязыт алаңына шыққанын хабарлады. Муниципалитеттің жүздеген қызметкері мэрия ғимаратының алдына жиналған.

"Экрем Имамоғлы жатқан Ватан полиция бөлімшесіне апаратын жолдар жабылған. Адамдар баррикадалар алдында жиналған. Стамбұл университетінің студенттері Экрем Имамоғлыны қолдауға жиналған. Олар баррикадаларды сындырып, Беязыт алаңына шыққан", — деп жазады Х әлеуметтік желісінде журналист.

Social Link

Follow Me On Social Media