What are you looking for?

Bloomberg: В. Зеленский Д. Трамптың ұсынысын қолдады

19.03.2025

Владимир Зеленский Дональд Трамптың Ресеймен өзара энергетикалық нысандарды 30 күн атқыламау туралы ұсынысын құптады. Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды.

Бірнеше сағат бұрын Украина мен АҚШ басшылары телефон арқылы сөйлескен еді. Ал кеше Ақ үй басшысы Владимир Путинмен телефонмен сөйлескен. Ол кезде де Кремль басшысына энергетикалық инфрақұрылым нысандарын соққылауды 30 күнге тоқтату ұсынысы жасалып, Владимир Путин бұған келіскен. Сонымен қатар келіссөздер қорытындысы бойынша бүгін Украина мен Ресей тұтқындармен алмасып, екі жақ та 175 әскери қызметкерден босатты. Бұдан бөлек, Ресей шұғыл медициналық көмекке мұқтаж ауыр жараланған тағы 22 әскери тұтқынды жіберді.

Social Link

Follow Me On Social Media