What are you looking for?

1-сыныпқа құжат қабылдау басталады: ата-аналар не білуі керек?

20.03.2025

1 сәуірде бірінші сыныпқа құжаттар қабылдау басталады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 31 тамызға дейін жалғасады.

Неше жастан бастап қабылданады?

Ата-анасының өтініші бойынша балалар 1-сыныпқа 6 жастан бастап қабылданады. Құжаттарды мемлекеттік egov.kz электрон үкіметі, жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, сондай-ақ, қағаз нұсқада 1 сәуір мен 31 тамыз аралығында тапсыруға болады.

Қандай құжаттар керек?

Қазақстан азаматтары үшін жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажет құжаттар тізімі:

  • ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
  • №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
  • өлшемі 3х4 см сурет (2 дана).

Шетел азаматтары үшін:

  • Ата-анасы немесе басқа заңды өкілдері Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек.
  • Шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.

Қай күндері құжат тапсыруға болады?

Өтініш демалыс және мереке күндерді есептемегенде, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media