Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматыда Наурыз мейрамын атап өту аясында ауқымды челлендж өтті. 20 наурызда сағат 11:00-де қаланың сегіз ауданында мыңдаған оқушы республикалық акцияға қатысып, күйлер орындады.
Ұлттық киім киген жас музыканттар "Адай", "Балбырауын" және "Ерке сылқым" күйлерін орындап, қала көшелерін күймен тербетті.
"Челлендждің басты мақсаты — өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру, ұлттық музыкалық мұраны сақтау және насихаттау", — деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!