What are you looking for?

Қызметтік иттер 100-ден астам есірткі қылмысын анықтаған

20.03.2025

Осы жылдың екі айында қызметтік иттер 600 килограмнан астам есірткі, оның ішінде 48 килограмм синтетикалық есірткіні анықтап, таралуының алдын алды, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі уақытта ІІМ кинологиялық бөліністерінің қызметкерлері «Заң және Тәртіп» қағидаты аясында елдің барлық аумағында есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізіп жатыр.

СҚО-да рейд кезінде жолда тоқтатылған автокөліктен Виола лақап атты қызметтік-іздестіру иті 30 грамнан асатын мефедрон есірткі затын тапқан. Ал ұсталған адам есірткі жасырушысы болып шыққан.

Осыған ұқсас жағдай республикалық маңызы бар Алматы — Астана автожолында болған. Онда полиция қызметкерлері тексеру үшін көлікті тоқтатып, тексеру барысында Тея қызметтік итінің көмегімен жалпы салмағы 11 килограмнан асатын гашиш есірткісі тәркіленген.

Social Link

Follow Me On Social Media