What are you looking for?

Арғын Нығматулин Қазақстаннан тергеуге дейін кетіп қалған - Антикор

20.03.2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалғанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Дархан Құрақбаев Сенат дәлізінде айтты.

"Антикор Нығматулинге қатысты тергеу жүргізіп жатқан жоқ. Басқа мемлекеттік орган тергеп жатыр, пікір бере алмаймыз. Біз тек осы іс бойынша іздеп жатырмыз", – деді Құрақбаев.

Сенат дәлізінде журналистер Антикор басшысының орынбасарынан Арғын Нығматулин қайда екенін сұрады.

"Ол Қазақстанда жоқ екенін білеміз: тергеу басталғанға дейін кетіп қалған. Қазір оны іздеу және қайтару бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Барлық елде ізделеді, оған мемлекетаралық іздеу жарияланды", – деп түйіндеді Дархан Құрақбаев.

Айта кетейік, Нығматулинге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ("Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу") бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Антикор Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинді іздестіріп жатқаны хабарланған болатын. Бұл ақпарат құқықтық статистика органдарының сайтында жарияланды.

Арғын Нығматулин туралы не белгілі?

Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин — Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.

Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылғы сәуірден 2018 жылға дейін "Сарыарқа" хоккей клубы" ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media