0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Батыс Қазақстан облысында трансшекаралық өзендер деңгейі көтеріліп келе жатыр. «ҚазГидроМет» мамандарының мәліметінше, Шаған өзені бір тәулікте 9 см-ге артып, 9.19 метрден асты. Қауіпті деңгей — 1300 сантиметр. Қазір Шаған су қоймасынан Жайыққа мол су жіберіліп жатыр. Өзен деңгейі шарықтау шегіне жеткен соң, су қоймасының қақпалары жабылады. Ресейден бастау алатын Қараөзен, Сарыөзенге де тасқын су ойысып жатыр. Ал Жайық деңгейі Жарсуат ауылының тұсында 3,6 метрге дейін көтерілген. Орал қаласының маңында 2 жарым метрге жетіп тұр. Жалпы өңірде қарғын су мен кіші өзендердегі тасқын кезеңдері өтті. Қазір трансшекаралық дариялардың жай-күйі бақылауға алынды.
Ардақ Мұратқызы