What are you looking for?

Түркістан облысында еңбек адамдарына ауызашар берілді

22.03.2025

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында Қасиетті Рамазан айында жұмысшы мамандық иелеріне арнап дастархан жайылып, ауызашар берілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл өз саласында еңбек етіп жүрген кіші техникалық қызметкерлерге, аула сыпырушыларға, көлік жүргізушілеріне, тұрмыстық қатты қалдықтар тасымалдаушылар мен басқа да жұмысшы мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Көп жағдайда олардың күнделікті еңбегі мен маңыздылығы жиі назардан тыс қалып жатады, алайда бұл сала мамандарының қызметі аудан мен ауылдың күнделікті тіршілігі үшін өте маңызды.

Аудан басшысы Азизхан Исмаилов еңбек адамдарын Қасиетті Рамазан айымен құттықтап, таңмен таласа тұрып, өңірдің тазалығына үлес қосып жүрген жандарға ерекше алғысын айтты. Сонымен қатар олардың еңбегінің маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, ауызашарға қатысушылар арасында әртүрлі сала қызметкерлері мен жұмысшы мамандықтардың иелері болды.

Social Link

Follow Me On Social Media