Тбилиси-Алматы бағыты бойынша ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының ұшағы Баку әуежайына қонуға мәжбүр болған. Оған борттағы жолаушының жағдайы нашарлап кетуі себеп болған, деп хабарлайды Media.az басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Air Astana әуе компаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайына қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы басылым өкілдеріне әуе кемесінің баспасөз қызметі хабарлаған.
Ақпаратқа сай, Тбилиси-Алматы бағыты бойынша ұшып шыққан Air Astana Airbus A321 әуе кемесінің капитаны Гейдар Әлиев атындағы Халықаралық әуежайдан қонуға рұқсат сұраған. Оған борттағы жолаушылардың жағдайы күрт нашарлауы себеп болған.
Артынша әуежайдің кризистік орталығы жұмылдырылып, жердегі қызметтер жұмысы шұғыл үйлестірілген және қажетті қауіпсіздік шаралары сақталған. Ұшақ жергілікті уақыт бойынша сағат 00:25-те сәтті қонған.
Жолаушыға тез арада медициналық көмек көрсетіліп, ол ары қарай тексеруден өту үшін қалалық ауруханалардың біріне жеткізілді.
При этом решением авиакомпании Бұл ретте Air Astana шешімімен рейс кешіктіріліп, қалған жолаушылар қонақүйге орналастырылды.
NUR.KZ тілшісі пікір сұрап, Air Astana әуе компаниясына жүгінді.
"23 наурызда Тбилиси-Алматы бағыты бойынша түнгі КС 140 рейсімен ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясының ұшағы жолаушының денсаулығына байланысты Баку әуежайына қонуға мәжбүр болған. Экипаждың жұмыс уақыты өтіп кеткендіктен, рейс жергілікті уақыт бойынша 24 наурыз сағат 13:40-қа шегерілді. Жолаушыылар қонақүйге трансфер, жатын орын және ас ұсынылған", — деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.