What are you looking for?

Оңтүстік Корея премьер-министріне жарияланған импичмент заңсыз деп танылды

24.03.2025

Оңтүстік Корея премьер-министрі қайтадан президенттің міндетін уақытша атқара бастады, деп хабарлайды 24kz.

3 ай бұрын парламент оған импичмент жариялаған. Бірақ Конституциялық сот ол шешімді заңсыз деп танып, Хан Док Су қайтадан өз міндетін орындауға кірісті. Былтыр желтоқсанның басында мемлекет басшысы елде бірнеше сағатқа әскери жағдай енгізген еді. Бірақ оппозиция оны бүлікке теңеп, президентке импичмент жариялады. Ол қызметінен шеттетіліп, премьер-министр президенттің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған. Кейіннен Үкімет басшысына да импичмент жарияланып, бұл міндет оның орынбасарына жүктелген еді. Енді президентке қатысты сот 14 сәуірде басталу керек.

Social Link

Follow Me On Social Media