What are you looking for?

Қазақстанда дрон жасап шығару қарқынды дамып келеді

06.03.2025

Қазақстандық мамандар ұшқышсыз ұшу аппараттарын жасап шығаруды қарқынды дамытуда, деп хабарлайды 24kz.

Ғылыми-зерттеу орталықтарының бірі қазір 15-тен астам дрон жобасымен жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында барлау, қорғаныс және құтқару мақсатында қолданылатын құрылғылар бар. Әсіресе, әскери бағыттағы дрондар ерекше сұранысқа ие. Мамандардың айтуынша, бұл технологиялар әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және түрлі операцияларды тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.

Риат Шони, тілші:

- Мыңдаған шақырымды бақылап, керек кезде көмекке келу. Бұған қазір заманауи шешімдер арқылы ие болу мүмкін. Бұл ұшқышсыз ұшу аппараты – нағыз «әуе көзі». «Қара құс» деп аталады. Таза отандық өнім. Қазақстандық мамандар қондырғының сызбасын өздері сызып, композитті материалдарын жасап, өз қолдарымен құрастырған. «Түрлі мақсатта пайдалануға болады», - дейді аппарат авторлары.

Айдос Қалқабек, ғылыми-зерттеу орталығы бас директорының орынбасары:

- Бұл разведовательно-тактический. Егер камера болатын болса, онда бір жерді бақылауға болады. Болмаса, ауыл шаруашылығында қолданылады. Егер военный тематика болатын болса, система сброса қоямыз. Кез келген нәрсені тастай береді.

Бұл ғылыми-зерттеу орталығы қазір ұшқышсыз ұшу аппараттарының түр-түрін жасайды. Бүгінде 15-ке жуық жобалары бар. Дені әскери бағытта пайдаланылатындар.

Ғани Байсейітов, ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры:

- Әртүрлі әскери көліктерге қарсы камикадземіз. Танкке қарсы мина қойылған. Осымен 40 км/сағ жылжып барып түрлі машиналардың астына тұрып, өзін жара алады. Мынау жерде жүретін роботымыз. Бұған Калашников пулеметі қойылған. 900 оқ-дәріге дейін запасы бар. Әскерлердің өмірін қорғап, аса қауіпті жерлерге осы роботты жіберуге болады.

Дрон өндірісі – күрделі, қымбат және уақытты қажет ететін үдеріс. Оның толық әзірлену циклі шамамен екі жылға созылады. Қондырғыға қажетті кей бөлшектер 3D-принтерде жасалса, өзгелері шетелден сатып алынады. Қазір отандық мамандардың жасаған өнімдері ел ішінде сұранысқа ие. Яғни, қорғаныс саласында жауапты мемлекеттік мекемелер тарапынан қолдау бар. Сондықтан да бұл орталық өндіріс өнімдерін кеңейту үстінде.

Авторы: Риат Шони

Social Link

Follow Me On Social Media